Қызылжарда мұржа құлап, алты адам улы газбен уланып қалды
Қызылжарда мұржа құлап, алты адам улы газбен уланып қалды
680
оқылды
Ақмола облысында алты бірдей адам үй пешінің түтін шығатын тұрбасы құлап кетуінен иіс тиіп, уланып қалды. Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев журналистермен өткен брифинг барысында мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Ведомствоның мәліметінше олардың бесеуі кәмелет жасына толмаған бала болып шықты. «Кешкі 22.35-те Целиноград ауданы, Қызылжар ауылында алты адам газ иісіне уланғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Сағат 23.00-де олар Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайлары тұрақты», – деді Нұрлан Атығаев. Төтенше жағдай қызметі анықтағанындай, қатты желдің салдарынан үйдің мұржасы құлап, тұрғындардың уланып қалуына себеп болған.