Мединский Украина-Ресей келіссөздері туралы айтты
Мединский Украина-Ресей келіссөздері туралы айтты
© РИА Новости / Сергей Гунеев
339
оқылды
РФ президенті көмекшісі, Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский Украина Ресейдің НАТО-ға мүшелікке кірмеу және шетелде әскери база орналастырудан бас тарту талабына келіскенін мәлімдеді, – деп хабарлады РИА НОВОСТИ
Оның айтуынша,  Украина қағаз бетіне түсірілген келісім жобасын берді. Келісімде НАТО-ға кірмеу, Украинаның мәртебесін тіркеу, ядролық қарудан бас тарту, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруларын иелену, жасау және сатып алудан бас тарту, шетелде әскери базалар мен әскери контингентті орналастырмау қарастырылған.
"Яғни, Украина Ресей соңғы жылдары талап еткен талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді", – деді  Мединский  "Россия 24" телеарнасының эфирінде.