Оралдың білімді оқушылары алданып қалды
Оралдың білімді оқушылары алданып қалды
©orda.kz
501
оқылды
Ақпан айының ортасында Орал қаласында оқушылар арасында физикадан олимпиада өткен болатын. Сол кезде олимпиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, оларды алуға сертификаттар берілген. Алайда екі аптадан соң жеңімпаздар уәде еткен сыйлықтарын алмаған. Оларға «ақылды» колонкалардың орнына монокулярлар берілді. Яғни, жеңімпаздар бинокльға ие болған. – Негізі берген сертификаттарында нақты қандай да бір «сыйлықтың» атауы көрсетілмеген. Бірақ ұйымдастырушылардың өздері «ақылды» колонка деп ескерткен. Ал екінші-үшінші орын алғандарға құлаққап берілетін болған. Шыны керек, балаларымыз сыйлықтарын асыға күтті. Арада бірнеше күн өтсе де, ешкім сыйлық жайында хабар бермеген. Содан ата-аналар жағдайдың мән-жайын білмек болып, Білім бөліміне хабарласқан. Олар біраз күте тұруды айтып, мемлекеттік сатып алудың барысы ұзақ жүреді деп түсіндірді, – дейді қалалық олимпиада жеңімпазының анасы Зарема Успенова (аты-жөні өзгертілген). [caption id="attachment_190045" align="alignnone" width="1200"]оқушылар ©orda.kz[/caption] Оның айтуынша, сыйлық айдың соңында бірақ келген. Онда да бірінші орын алғандар ғана сыйлыққа ие болды. Ал екінші-үшінші орынның жеңімпаздары сыйлықсыз қалды. Сол кезде Білім басқармасы  олардың сыйлықсыз қалмайтынына сендірген, бірақ нақты қашан берілетінін айтпады. Алайда Білім бөлімі бұл жерде жеңімпаздардың ата-аналары асығыстық танытқанын алға тартты. – Мемлекеттік сатып алу порталында сыйлық алу үшін екі рет байқау жарияладық. Екеуінде де ешкім ұтпады. Үшіншісінде ғана біреулер жеңіп алды. Олардың орындауы созылып кетті. Сол себепті сыйлықтар әлі келмеді. Көрмеген соң, сапасын да білмеймін. Ал сыйлығын сұрап қоймаған ата-аналарға былтырдан қалған бинокльді бере салдық, – дейді Оралдың білім бөлімінің методика кабинетінің жетекшісі Индира Әміртаева. Индира Әміртаева уәде етілген құлаққаптың жеңімпаздарға кейіндеу табысталатынын айтты. Тек үшінші орын алғандар сыйсыз қалған. Әйткенмен мемлекеттік мекемелердің барлық бюджеттік қаражаты өтетін мемлекеттік сатып алу сайтында Оралдың Білім бөлімінде екі лот бар. Лоттың атауында «Олимпиада жеңімпаздарына арналған сыйлықтар (колонка, құлаққаптар)» деп көрсетілген. Екі лоттың жалпы сомасы – 457,5 мың теңге. Сипаттамаға қарағанда, білім бөлімі 15 колонка мен 15 сымсыз құлаққапты сатып алған. Әр колонканың бағасы – 25 мың теңге, құлаққап 5,5 мың теңге тұрады. Сонда бұл сыйлықтар қайда кеткен?