Наурыз айында қаржы нарығы күрт құбылмалы болды. Сондықтан Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы теңгерімді ұстап тұру үшін наурыздың бірінші жартысында валюталық интервенция жасады.
Айдың соңында олардың көлемі 990,5 млн АҚШ доллары немесе биржалық сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 29% болды.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурыз айында 890,9 млн АҚШ долларға шықты. Ұлттық банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 55%-ына жетті.
Ұлттық банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ.
Геосаяси шиеленістің жоғары деңгейіне байланысты 2022 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша, теңге тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір АҚШ доллары үшін 512,17 теңге болды. Алайда, осыдан кейін ұлттық валюта нығайды.
Осылайша, 31 наурызда KASE биржалық алаңындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңге бағамы наурыз айының басынан бастап 5,7%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 467,03 теңге деңгейінде қалыптасты. Халықаралық қаржы нарықтарындағы түзету, сондай-ақ салықтық төлемдер кезеңі аясында теңге нығайды.
Алайда бүгін доллар бағамы тағы да өсті.