Қаңтар оқиғасынан кейін қанша шенеунік қамауға алынды?
Қаңтар оқиғасынан кейін қанша шенеунік қамауға алынды?
368
оқылды
2022 жылдың басы елімізге ауыр тиді. Әсіресе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қаңтар оқиғасына» байланысты жұртының амандығы, елінің тыныштығы үшін маңызды шешімдер қабылдау қажет болды. Оның қаншалықты дұрыс екені уақыт еншісінде. Белгілісі, осы жағдайдан кейін біраз шенеуніктер қызметінен босатылып, іс қозғалып, қамауға алынды. Соларды тізімін жинақтадық... [caption id="attachment_190249" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©aikyn.kz[/caption] Қаңтардың басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді. Сөйтіп, экс-басшы қамауға алынды. Қазір оған қатысты іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында Мәсімовтің пара алғаны жөніндегі бірқатар дерек анықталды. Оның ішінде, жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену, отандық кәсіпкерлер мен шетелдік субъектілерден мәдени мұра саналатын бағалы сыйлықтар мен қомақты қаржыны алу фактілері бар. Сол себепті Кәрім Мәсімовтің дүние-мүлкі тәркіленді. Мәселен, құны 2,5 млрд теңге тұратын жекежай. Бизнес санатындағы 11 қымбат көлік. Елордадағы екі қымбат пәтер, Алматыдағы жекежай мен Щучинск-Бурабай курорттық аймақтағы жер теліміне тыйым салынды. Сонымен қатар Мәсімовтің өз үйінен 17 миллион доллар табылса, ал оның жақындарынан 5 млн доллардан астам қаржы тәркіленген. Қазір Мәсімовтің жақындары шетелге шығарған қаржыны толық қайтару мәселесі қаралуда. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің кінәсі дәлелденсе, ол 17 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов айтқан болатын. Негізі Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. [caption id="attachment_190250" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©news.depo.ua[/caption] Кәрім Мәсімовпен қатар оның үш орынбасары қамауға алынды. Олар – Марат Өсіпов пен Дәулет Ерғожин. Сонымен бірге Әнуар Садықұлов «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы да қызметінен босатылды. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, «билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» деген Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлын шетелге ұшпақ болған жерінен ұстаған. 15 наурызда тергеу соты оны екі айға қамауға алды. Ол «Қазақтелеком» компаниясынан аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Қазір оған «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып тергелуде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. [caption id="attachment_190252" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©sputnik.kz[/caption] Қызметін 1991 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен (ҰҚК) бастаған Қайрат Сатыбалдыұлы жұртшылықтың назарын 2005 жылдан өзіне аудара бастады. ҰҚК генералы өзі басқаратын ұлттық спорт түрлері қауымдастығын, «Қайрат» қайырымдылық қорын және сол жылы «Ақ орда» ұйымын біріктіріп, «Орда и К» бизнес-құрылымын құрды. Сөйтіп, Сатыбалдыұлы 17 кесене мен 25 мешіттің құрылысына қайырымдылық қолдау көрсеткенін айтқан. 51 жастағы кәсіпкер – Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. 2018 жылы ол Forbes журналының ең бай елу бизнесмен тізіміне енген. Оның байлығы – 163 миллион долларға бағаланған. Ол «Kaspi.kz» АҚ негізгі акционерлерінің бірі болған (30%), Alatau Capital Invest арқылы «Қазақтелекомда» үлесі бар. [caption id="attachment_190253" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©newtimes.kz[/caption] Үш күннен кейін Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының үстінен «бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу» күдігі бойынша тергеу басталды. Қазір ол Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қамауда. Жемқорлыққа қарсы агенттік күдіктілердің кімнің қандай бизнесін тартып алғаны жайлы айтпады. 15 наурызда продюсер Баян Мақсатқызы Гүлмира Сатыбалдыны рейдерлікке қатысы бар деген болатын. [caption id="attachment_190254" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©tengrinews.kz[/caption] Елімізге белгілі кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының жетекшісі, ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевқа қарсы тергеу амалдары басталды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қазір ол сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Алайда істің барысы әзірге жарияланбады. [caption id="attachment_190255" align="alignnone" width="1200"]шенеунік ©wikipedia.org[/caption] Биылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамалды. Оған қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік бойынша қылмыстық істерді тергеуде міндеттерін толық орындамағаны анықталды. Сол себепті Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Әзірге өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.