Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-каналында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Олардың дерегінше, шенеунік медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен делдалдар арқылы жүйелі түрде 800 мың теңге көлемінде пара алып отырған. Күдіктілер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабының тәртібіне сай ұсталған. Әзірге өзге ақпараттар жарияланбады.
Сонымен қатар ведомство бұл іс бойынша тағы кімдердің ұсталғанын хабарлаған жоқ.