Астананың коммуналдық қызметтері күн райы жылынған уақыттан бастап қалада ауқымды санитарлық жұмыстарына кірісіп кетті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, қоршаулар жуылады, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылады, қоқыс жәшіктері боялады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Абаттандыруға жауапты қызметкерлер күн сайын қаланы қоқыстан тазалауға шығады. Арнайы техниканың көмегімен де, қолмен де жиектастар тазартылады. Сондай-ақ, коммуналдық күштер еріген қар суын техниканың көмегімен сорып алу жұмысына да жұмылдырылады.Мысалы, қазіргі уақытта Алматы ауданы бойынша осы жұмыстарға 400-ден астам жол жұмысшысы мен 170 арнайы техника жұмылдырылған. Елорданың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.Қаланы көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Еске сала кетейік, өткен жылы елордада 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылған. Енді Алматы ауданында Р.Қошқарбаев даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейін), Б. Момышұлы даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейін), Нәжімеденов көшесінде, А. Байтұрсынов көшесінде, Қошқарбаев даңғылында, Қордай көшесінде, «Встреча» СҮ аумағында және т.б. жалпы саны 6 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өтеме ретінде көктемгі кезеңде Т.Жүргенов және К.Әзірбаев көшелерін көгалдандыру үшін ағаштар отырғызу жоспарлануда.Алдағы көктемгі жалпықалалық сенбілік аясында қаланың барлық ауданы кварталдар мен секторларға бөлінген. Онда әкімдіктердің жауапты қызметкерлері бекітілген. Тұрғындарды ПИК және МИБ-пен бірлесіп, сондай-ақ бизнес пен мекеме өкілдерін жалпы қалалық сенбіліктерге қатысуға шақырамыз.