Ұлттық қордан 1,6 трлн бөлінді
Ұлттық қордан 1,6 трлн бөлінді
272
оқылды
Үкімет Ұлттық қордан 2022 жылға арналған респуб­ликалық бюджетке түсетін трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жос­парлап отыр. Бұл туралы Ұлт­тық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,9-дан 2,1 пайызға төмендеген. Атаулы ЖІӨ 91,5 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген болжамнан 4,5 триллион теңгеге жоғары. «Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге түзету немесе 1,6 триллион теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Ұлттық қордың бірнеше функция­сы бар. Ол – жинау, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы шараларға қолдау көрсету. Бұл тұрғыдан ал­ғанда аталған процесс – қалыпты жағдай. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі», – деді Қуантыров Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, мұнай бағасының қымбаттауы мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты Ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр. Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар.