Мектеп құрылысы бақылауға алынды
Мектеп құрылысы бақылауға алынды
270
оқылды
«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиа­лының Партиялық бақылау комиссиясының отырысында Бәйтерек шағынауданындағы 600 орындық мектеп құры­лысының жұмысы қаралды. Бұған дейін комиссия мүшелерінің аталған нысанды тексеру барысында қаржының игерілуі, құрылыс сапасы және жұмыстың дер кезінде аяқталуы тұрғысынан біраз сұрақ туындаған болатын. Комиссия отырысында осы мәселелер қайтадан күн тәртібіне шы­ғарылды. Комиссия отырысына облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Нұрмағанбетов, мердігер Bolashak INTERNATIONAL DEVELOPMENT ЖШС-ның директоры Қ.Қалымбек шақырылып, жоба жан-жақты талқыланды. Бүгінде жобаға бөлінген қаражаттың 67 пайызы игеріліп, құ­рылыс жұмыстары 60 пайыз жүргізілген. Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты мердігер жобаның құнын қайта есептеуді ұсынғанымен, бөлінген қаржының 50 пайыздан астамы игеріліп кеткендіктен, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, оның құны қайта есептеуге жатпайтыны айтылды. Комиссия мүшелері мердігерге мектеп құрылысын мерзімінде аяқтауды, ал облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасына құрылыс барысын ұдайы қатаң бақылауда ұстап отыру керегін ескертті.