Таразда Жириновскийдің суреті бар дәптерді оқушыларға таратқан мұғалім жазаланды
Таразда Жириновскийдің суреті бар дәптерді оқушыларға таратқан мұғалім жазаланды
Фото: kaztag.kz
828
оқылды
Таразда Ресейдің либералды-демократиялық партиясының көсемі Владимир Жириновскийдің фотосы бар дәптер мен Ресейдің ЛДПР партиясының аты жазылған ертегі кітабын мұғалім мектеп оқушыларына таратқан. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазды. Осы жайтқа қатысты Жамбыл облысының әкімдігі дәптерді таратқан Тараздағы №13 мектептің 6-сынып жетекшісі екенін анықтады. Шенеуніктердің айтуынша, Педагог туралы заң бойынша мұғалімнің саяси үгіт-насихат жүргізуге құқы жоқ. «Мұғалімге түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ аймақтағы өзге әріптестеріне де құлаққағыс жасадық. Этиканы сақтамаған мұғалімге сөгіс берілді. Сонымен қатар Тараздағы №13 мектептің директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын да жауапқа тартты» делінген әкімдік хабарламасында.