Белгілі журналистің кітабы жарық көрді

Белгілі журналистің кітабы жарық көрді

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында белгілі журналист, жазушы, Мәдениет саласының үздігі Назым Дүтбаеваның "Ізгілік тамшысы" атты тұңғыш жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап «Аспан» баспасынан жарық көрген. Жинаққа автордың 20 жылға жуық уақытта жазған дүниелерінің ішінен өз елегінен өткен шағын әңгімелері, мәдениет тақырыбына арналған мақалалары мен сұхбаттары енген. Тұсаукесер шарасына Назымның журналистика, әдебиеттегі аға-әпкелерімен бірге қатарлас әріптестері мен студент жастар қатысты. Кітаптың тұсауын белгілі жазушылар Заря Жұманова мен Сәуле Досжанова кесті. Ізгі тілек білдіргендердің ішінде белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы да болды. «Жалпы қазіргі кезде біздер жазған немесе бізден кейінгілер жазып жатқан дүниелер болашақта оқыла ма? Тіпті «осы күнгі классик деп танылған адамдардың өзінің шығармаларының ертеңгі тағдыры қалай болады?» деген нәрселер мені қатты алаңдатады. Мен бүгін Назымның кітабын көріп қатты қуанып отырмын. Қуантатыны сол кітап ішіндегі дүниелерде қандай да бір із бар сияқты», - деді жазушы Жұмабай Шаштайұлы.

Жаңа кітаптың шығуына генерал- полковник, заңгер Сәт Тоқпақбаев пен жұбайы жазушы Сәуле Досжанова демеушілік етіпті.

                                                                                                                                               Алматы