Марат Омаровтың қызы World Dance байқауында жүлдегер атанды
Марат Омаровтың қызы World Dance байқауында жүлдегер атанды
©time.kz
480
оқылды
Елімізге танымал әнші әрі композитор Марат Омаровтың қызы Мариям Лос-Анджелесте өткен World Dance байқауында екінші орын алды. 16 жастағы биші танымал GRaVy Babies командасының құрамында өнер көрсетеді. Мариям бұл командаға 200 үміткердің арасынан өткен. Оған дейін ол Snowtoriou командасының құрамында билеген. "GRaVy Babies командасына кастингтен өткеніме қуаныштымын, бұл менің ең басты мақсатым еді. Себебі бұл топ 18 жасқа дейінгі кәсіби бишілер арасындағы ең мықтысы, танымалы. Қазір біз маңызды чемпионаттардың біріне дайындалып жатырмыз. Әрине, қиындықтар болды, бірақ өсуге әкелетін жол", - деді ол. Мариям алты жасынан бастап хореографиямен айналысады. АҚШ-та ол Дженифер Лопес пен Джастин Бибердің би мектебінде жаттығады.