OLX арқылы планшетін сатпақ болған келіншек 100 мың теңгесінен айырылды
OLX арқылы планшетін сатпақ болған келіншек 100 мың теңгесінен айырылды
©egemen.kz
216
оқылды
Ақтөбелік келіншек OLX сайты арқылы гаджетін сатамын деп 100 мың теңгесінен айырылып қалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.  35 жастағы әйел планшет сатқысы келген. Ол OLX порталына фотосы мен бағасын жариялаған. Біраз уақыттан кейін біреу хабарласып, тауарды рәсімдеу керек екенін айтқан. "Содан сатушының сеніміне кіріп, WhatsApp мессенджері арқылы сайттың сілтемесін жіберген. Сол жерде тауарды рәсімдеу керек деді. Сатушы әйел сеніп, сайтта жеке мәліметтерін енгізген. Ақырында банк картасындағы барлық ақшасы – 100 мың теңгеден айырылды", – дейді полицейлер.