Алматы қаласы Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйдің терезесін жуып жатқан 27 жастағы жұмысшы биіктен құлап қаза тапты.
Полицейлер жұмысшының оқиға орнында қаза тапқанын растады.
«1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деді департамент өкілі.