Бір жылда 200 жұмысшы қаза тапты
Бір жылда 200 жұмысшы қаза тапты
Фото: yandex.kz
188
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өндірістік жарақат алу деңгейі 2,5%-ға азайды.

Бірақ өлім-жітім тыйылған жоқ. Былтыр өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1 465 жұмысшы зардап шеккен. Оның 200-і қаза тапты.
Көбінесе, Қарағанды (238 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (204 адам), Қостанай (122 адам), Павлодар (114 адам), Ақтөбе (107 адам) облыстары мен Алматы қаласындағы (107 адам) кәсіпорындарда қауіпсіздік талабы сақталмайды.
Зардап шеккендердің ең көбі тау-кен металлургия саласында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында – 11,3% (167 адам).

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Абай шахтасындағы жарылыс туралы жазған болатынбыз.