Головкин туған күніне шақырды: Өзіміз отырып шай ішейік
Головкин туған күніне шақырды: Өзіміз отырып шай ішейік
376
оқылды
Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін, 8 сәуірде 40 жасқа толды. Геннадийді туған күнімен көптеген танымал тұлғалар мен жанкүйерлері құттықтап жатыр. Тіпті, боксшыны туған күнімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтап, жеделхат жолдаған. Өз кезегінде GGG барлық оқырмандарына алғыс айтып, желіде "Қазақтың арнайы диетасы. Ал енді өзіміз отырып шай ішейік", – деген жазба қалдырды. Сонымен қатар Геннадий Головкин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сыңары Максиммен бірге отырған суретін жариялаған. Кадрдан дастархан басында қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ пен "туған күндеріңмен" деген жазуы бар торттың тұрғанын байқауға болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Айта кетейік, ертең, 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді.