Қапшағайда жас жұбайлар бағанаға асылып қалған
Қапшағайда жас жұбайлар бағанаға асылып қалған
©orda.kz
410
оқылды
Алматы облысы Қапшағай қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінің жанынан жас жұбайлардың мәйіті табылды. Олар жоғары вольтті бағанаға асылып қалған. Үйдің отағасы 22 жаста болса, әйелі –18 жаста.  «Жәбірленушілердің денесі бағанада асылған күйде табылған. Сараптама көрсеткендей, оларға күш қолданбаған. Сондықтан жас жұбайлар өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар», - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция тергеу мүддесіне сілтеме жасай отырып, басқа мән-жайлар туралы хабарламады.