Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген
Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген
Сурет: inbusiness.kz
422
оқылды
Тұрғын 2004 жылы Алтайда шет мемлекеттік азаматтығын алып, Ресей азаматының төлқұжатын рәсімдеген. Алайда бұл туралы Қазақстанның тиісті органдарына хабар бермеген, деп хабарлады Polisia.kz сайты.  71 жастағы әйел зейнет жасына жеткен соң 10 жыл қатарынан Қазақстан мен Ресейден төлемақы алып келген. Алайда қазір зейнеткер алған ақшаны бюджетке қайтаруы тиіс.
"Өзіне тиісті емес құжатты пайдаланғаны үшін 4 сәуір күні шетелдік әйел ҚР ӘҚБтК 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолындағы құжаты тәркіленіп, Қазақстан Республикасы азаматтығының күші жойылады", – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында жиырмадан астам азамат дәл осылай әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД көші-қон қызметі азаматтарды басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстанның азаматтығынан айыру фактісін дер кезінде тіркеу қажеттігін хабарлайды.