Павлодарда оқушы марганец ішіп, ауруханаға түсті
Павлодарда оқушы марганец ішіп, ауруханаға түсті
Сурет: pavlodarnews.kz
322
оқылды
Павлодарда марганец ішкен бала амбулаторлық бақылауға жіберілді. Баланы дәрігер-педиатр қарап шыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2013 жылы туған ұл сағат 13:00-де  облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне «Марганец пен оның қосылыстарының токсикалық әсері» диагнозымен жеткізілген.
"Анасының айтуынша, мектепте бақылаусыз қалған бала калий перманганатының кристалдарын алып, белгісіз мөлшерде жеп қойған. Жедел жәрдем шақырылып, асқазанын жуғаннан кейін облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді", - дейді басқармада.
Оқушының жағдайы ауруханаға түскен кезде экзотоксикоз белгілеріне байланысты орташа ауыр болған. Анасы госпитализациядан бас тартып, амбулаторлық бақылауға жіберілген. Еске сала кетейік, наурыз айында қала мектептерінің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, сол жерде тұрған калий пермаганатын  аузына  салған.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.