Ресейден келе жатқан жүк көлігі Түркістан облысында өртенді
Ресейден келе жатқан жүк көлігі Түркістан облысында өртенді
315
оқылды

Қазақстан арқылы Ресейден Тәжікстанға бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Өрт 9 сәуір күні сағат 21.00-де болған. Аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт болған жерде аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары Ресейден Тәжікстанға бара жатқан Volvo маркалы жүк көлігі тіркемесінің баллоны жанғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірілді. Жол тазаланып, қозғалыс ашық. Аталған дерек Бәйдібек АПБ-да тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.