Семейлік өлкетанушылар мамонт тісін тапты
Семейлік өлкетанушылар мамонт тісін тапты
Сурет: Semeynews.kz
322
оқылды
Семей өлкетанушылары Ертіс өзенінің жағасынан мамонт тісін тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz. Өткен демалыста «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері Қасиетті бұлақ және Ертіс өзенінің бойына, нақтырақ айтатын болсақ «мамонттар қорымы» деп аталатын жерге кезекті экспедицияға барды. Өлкетанушылар құмда шығып тұрған мамонт тісін тапты.
«Егер тіс болса, яғни ол жерде мамонттың сойдақ тістері және бас сүйегі бар. Бірақ бұл тұтас тіс емес, тістің фрагменті ғана. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл азу тіс. Түріне қарасаң, тіс кішкентай, бұл жас мамонттың тісі болуы мүмкін», – деді «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы Марат Сасанов.