Алматыда ірі жол апаты болып, оқушы қыз көз жұмды
Алматыда ірі жол апаты болып, оқушы қыз көз жұмды
423
оқылды
Алматы қаласындағы жол апаты кезінде жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі. Оқиға 9 сәуір күні сағат 17.10-да болды. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысып, жолда бойында тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бұдан кейін Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусын соқты. 2013 жылғы жаяу жүргінші көз жұмып, анасы ауруханаға жеткізілді.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.