Тамара Дүйсенова қайта министр болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова қайта министр болып тағайындалды
Фото: mail.kz
886
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген хабарламада. Тамара Дүйсенова қазіргі Түркістан облысында туған. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді. Мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі; 2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); 2013-2014 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі; 2017-2018 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 2018-2019 жылдары – «Nur Otan» париясының хатшысы. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.