Елді мекендер газбен қамтамасыз етіледі
Елді мекендер газбен қамтамасыз етіледі
443
оқылды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Пар­тиялық бақылау комиссиясы және саяси ұйым жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл ауданында орналасқан Ерназар, Өрнек және Жұма стансаларын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойыша жүргізіліп жатқан жұмыстарға рейд жасады. Аталған елді мекендерді кө­гіл­дір отынмен қамту жұмыстары «Өңір­лерді дамыту» және «Жұ­мыс­пен қамту Жол қартасы» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында жүр­гізіліп жатыр. Жауапты мер-­ді­гер – «Ақбарыс строй LЕД» ЖШС. Арнайы топ рейд барысында елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының жай-жапсарымен та­нысып, құрылыс сапасын қа­да­ғалады. Сондай-ақ аудан әкімді­гі­нің құрылысқа жауапты бас­шы­лары­мен және ауыл округтерінің әкім­дерімен кездесіп, мән-жай бі­лісті. Одан бөлек, осы жобаны жүр­­гізіп жатқан мердігер меке­ме­нің өкілдеріне құрылысты сапалы орындау, жұмысшылардың жа­ла­қысын уақытылы төлеу, құры­лыс­ты жоспардан кешіктірмей аяқтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Жобаның атқарылуы алдағы уа­қытта партияның бақылауына алынатын болады.