«Колледжімізді шенеуніктерге бермейміз» - Семейде студенттер наразылықтарын білдірді
«Колледжімізді шенеуніктерге бермейміз» - Семейде студенттер наразылықтарын білдірді
704
оқылды
Семейдегі геодезия және картография колледжінің ғимараты жаңадан құрылатын Абай облысының шенеуніктеріне беріле ме деп алаңдаған студенттер бүгін өз наразылықтарын білдірді. Бұл туралы «КазТАГ» сайты жазды. Жергілікті әлеуметтік желілерде студенттердің жиналып «қарсымыз» деп айқайлаған видеосы тарады.
«Олар бір ғана талаппен шықты. Әлдекімдер колледждің ғимаратын жаңадан құрылатын Абай облысының күш құрылымдарының біріне беруді ұйғарған секілді. Пагон таққан азаматтар ғимаратты қарап, көріп шығыпты. Мұндай идея кімнің ойына келді екен? Президентіміз «Жаңа Қазақстан құрамыз, жаңа облыстар ашамыз» деп жатқанда бұл Мемлекет басшысының бастамасына немқұрайлы қарау емес пе?» дейді колледж түлектерінің бірі Димаш Төлебаев.
студент Облыстағы құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы