«Қазақтар, топассыңдар! Қазақстанда тұрып, қазақша айта алмайсыңдар!..»
«Қазақтар, топассыңдар! Қазақстанда тұрып, қазақша айта алмайсыңдар!..»
Фото: видеодан скриншот
772
оқылды
Facebook желісіндегі топтардың бірінде тараған бейнежазбада аты-жөні белгісіз бір әйел осылай эмоциямен сөйлеген. Оның сөйлеу мәнерінен және әңгімесінен өзбекстандық қазақ екенін аңғаруға болады. Оралман болуы да мүмкін. Ол Қазақстанда тұрса да, қазақша оқып, жаза алмайтын қандастарымызды аямай сынайды. Желіде қызу талқыға түскен видеодағы келіншек бүгінде өз тілін білмейтін қазақтарды «сорлылар» деп те балағаттайды. «Иә, қарап тұрсам, маған қарсы көп әңгіме айтып жатсыңдар. Қарақалпақ, өзбек дейсіңдер. ...Соның бәрін жазғандар, тарихты оқымағансыңдар, топассыңдар! Ташкент баяғыдан Төле бидің жатқан жері, білесіңдер ме? Баяғыда қазақтың жері болған. Сорлы қазақтар, топассыңдар! Қазір маған қарап тұрып, олайсың-бұлайсың деп жатсыңдар. Иә, мен орысша оқығанмын, өзбекше оқығанмын, иә мен оқымағанмын. Ал не істей аласыңдар? Сендер Қазақстанда тұрып, қазақша оқымағансыңдар, қазақша жаза алмайсыңдар! Көбің қазақша түсіндіріп айта алмайсыңдар да. Не деп тұрсыңдар, өздерің?! «Air Astana-дағы» оқиғаны қараңдаршы, сорлылар!», дейді ашулы келіншек.   Ескерту: видеода балағат сөздер бар. Ол қазақша сөйлей алмайтындарды есекке теңеп, желі қолданушыларының ашуына тиеді. «Жат жұртта, басқа мемлекетте тұрсақ та салтымызды, өз тілімізді жоғалтпадық. Ал, сендер өз отандарыңда тұрып, қазақ тілінде сөйлей алмайтын, есексіңдер!», – деді өзбекстандық қазақ.