Мұғалімнің өлімі: Ұлттық тестілеу орталығы оқиғаның мән-жайын айтты
Мұғалімнің өлімі: Ұлттық тестілеу орталығы оқиғаның мән-жайын айтты
©.tengrinews.kz
531
оқылды
14 сәуір күні Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған мұғалім гипертониялық сырқатына байланысты емханада есепте болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. "Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", - делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. "Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі", - деп қосты олар. Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері "егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі берілетінін" айтты.