96 пайыз: Ақмола сайлауалды бағдарламасы орындалған үздік үштікке кірді
96 пайыз: Ақмола сайлауалды бағдарламасы орындалған үздік үштікке кірді
377
оқылды
Ақмола «AMANAT» партиясының сайлауалды уәдесі орындалған орындалған үздік үштікке кірді. Облыста жол картасындағы ісшаралардың 96 пайызы орындалған. Бұл туралы облыстық филиал төрағасы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен облыстық депутаттық фракция отырысында мәлімдеді.  Филиал төрағасының айтуынша өңірде жол картасы бағдарламасымен жоспарланған 1663 шараның 1567-сі жүзеге асырылған. Әсіресе, индустрия, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм және қызмет көрсету, сондай-ақ қонақ үй бизнесі қанатын кеңге жая бастаған. Осының арқасында жаңадан 1,7 жұмыс орындары ашылып, 133,3 млрд теңгенің 65 кәсіпорны іске қосылған. Ақмола «Мәселен, Аршалы ауданында қуаттылығы 6 мың тонна ет өңдейтін "Ақ-Дала Агро" серіктестігінің құс фабрикасы пайдалануға берілді. Степногорск қаласында - құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу бойынша "Ақсу Технолоджи" серіктестігінің алтын өндіру фабрикасы іске қосылды. Фабриканың жылдық қуаты 5 млн тонна. Бұланды ауданында тәулігіне 600 тонна шикізат өңдейтін "Бота – 2015" май экстракциялық зауыты жұмысын бастады», - дейді Ермек Маржықпаев. Ақмола Филиал төрағасы үстіміздегі жылы да қарқынды бәсеңдетпей қоғамдық кеңестердің ықпалын күшейтіп, орындалу мүмкіндігі төмендеу индикаторларға мықтап мониторинг жүргізуді тапсырды. Күрделі мәселелер партияның депуттаттық отырыстарының күн тәртібінде қарау қажеттігін атады. Сондай-ақ жиын барысында депутаттық корпустың жұмысын жетілдіру, депутаттардың қоғамдағы белсенділігі және қабылданған шешімдер мен ұсыныстардың орындалу нәтижесі әңгіме өзегіне айналды.