Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкіл ұсталды – ҰҚК
Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкіл ұсталды – ҰҚК
Фото: yandex.kz
201
оқылды
Биыл 10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады. Аталған адамдар лауазымдық өкілеттіктерді теріс және асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды. Күдіктілерді бұлтартпай ұстап, қамауға алды. ҚР ҚК 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.