Бүгіннен бастап мобильді аударымдарды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды
Бүгіннен бастап мобильді аударымдарды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды
Фото: bugin.kz
476
оқылды
Бүгіннен бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарға мониторинг жүргізеді. Қаржы министрінің бұйрығында бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсіпкерлік қызметтен пайда табу болып есептелетіні жазылған.
«1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша аударылса, кәсіпкер болып, табыс табу белгісі болып саналады» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.