Баласына алимент төлемей қашып жүрген 36 жастағы әйел Ресейден табылды
Баласына алимент төлемей қашып жүрген 36 жастағы әйел Ресейден табылды
Сурет: RitaE
317
оқылды
2022 жылы табылған алимент төлемей жүрген 66 борышкердің 20-сы Қазақстаннан кетіп қалған. Соның бірі Ресейден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл балаларына алимент төлемей іздеуде жүрген 66 азаматтың қайда жүргенін таптық, - дейді Павлодар облысы ІІД көші-қон қызметінің басшысы Арман Уәлиев. – «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйелеріне борышкерлердің көлігі туралы мәліметтер енгізіледі. Қазақстаннан шығып кеткен іздеуде жүрген 20 адамға қатысты олардың орналасқан жері бойынша мемлекеттердің ішкі істер органдарына хаттар жолданды». «Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздеу – көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бұл салаға ерекше көңіл бөлуде», - дейді ПД.
Мәселен, көптен бері алимент төлемей қашып жүрген 36 жастағы әйел Ресейдің Владимир облысынан табылған. Ал 2014 жылдан бері іздеуде болған 35 жастағы тағы бір борышкердің Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласында тұрып жатқаны белгілі болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жауапкерді іздеуді бастау үшін талапкердің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелген сот бұйрығы қажет. Көші-қон қызметі алименттің орнын бір ай ішінде таба алмаған жағдайда, талап қоюшының өтініші бойынша тиісті құжат рәсімделеді, оның негізінде әлеуметтік қорғау органдары борышкерді іздестіру кезінде балаларын күтіп-бағуға уақытша жәрдемақы төлейді.