Алматыда ҰОС ардагерлері биыл 1 млн теңгеден алады
Алматыда ҰОС ардагерлері биыл 1 млн теңгеден алады
Сурет: ortalyq.kz
323
оқылды
Биыл Алматыда Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1 миллион теңгеден ақша алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Informburo.kz сайты.
"Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне бір млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Биыл Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан "Мәңгілік алауға" гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.