Павлодарда сотталушы колониядан қашпақ болды
Павлодарда сотталушы колониядан қашпақ болды
Сурет: CC0
407
оқылды
Павлодар қаласының ҚАЖ-24 мекемесінде сотталғандардың бірі ішкі тыйым салынған аймаққа кірген. Бұл туралы Ұлттық ұлан баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған. Сотталушы бақылаушылардың ізімен тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен. Сотталған адамның қашуға әрекеттенгенін байқаған бекеттің кезекші күзетшісі ескерту жасаған, артынша дабыл сигналын басқан. Содан кейін ұлттық ұлан сарбазы қарауыл бастығына хабар беріп, ескерту ретінде аспанға оқ атқан. Сотталушы ішкі тыйым салынған аймақта ұсталды. Мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шарасы басталды. Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің командирі бірлесіп қызметтік тергеу бастады.