Орындыбике Бегелдинованың кітабы - 28 млн теңгеге, Ұлықбек Есдәулеттің кітабы 6 млн теңгеге шығады
Орындыбике Бегелдинованың кітабы - 28 млн теңгеге, Ұлықбек Есдәулеттің кітабы 6 млн теңгеге шығады
745
оқылды
Мәдениет министрлігі «Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді» басып шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсамақшы. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу тақырыбын зерттеп жүрген белгілі журналист Мият Кәшібай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Дәурен Абаев басқаратын министрліктің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына сүйеніп, биыл да ақын-жазушыларымыздың түрлі кітабын шығыруға мемқазынадан қыруар қаржы қарастырылып отырғанын жеткізген. «Олардың кітаптары «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» атты бағдарлама аясында жарыққа шығады. Жұмсалатын қаржының жалпы көлемі – 1 млрд 630 млн теңге. Министрлік бір автордың бір кітабын шығаруға әртүрлі қаржы жұмсайды. Кейде бір кітапты дайындап, таратуға 3-6 млн теңге бөлсе, кейде одан көп. Мысалы, Орындыбике Бегелдинованың «В небе он был неустрашим. Талгат Бегельдинов» кітабына – 28,6 млн, Жұмаділ Шілдебаев пен Махаббат Аманбаеваның «Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» атты кітабына – 19 млн, Гүлбахрам Жүністің «Желтоқсан-86 көтерілісі энциклопедиясына» – 19 млн, Нұрлан Құмардың «Көк байрақтай – көк жейде» кітабына – 11,4 млн, Светқали Нұржанның «Жастықтың жазғы жайлауы» кітабына – 10,2 млн, Надежда Чернованың «Летящие в тумане» кітабына – 7,9 млн, Ұлықбек Есдәулеттің "Қарғалдақ" кітабына 6,2 млн теңге бөлген. Бұлардан бөлек, министрлік кітабын шығарып беретін тағы 50-ден астам автор бар», – деп жазды журналист. Автор Мәдениет министрлігі былтыр да шенеуніктер мен ақын-жазушылардың кітабын шығаруға 700 млн теңгеден астам қаржы жұмсағанын еске салды.