Жас келін тәтті торттан дәм татқызбады – Жүгінісовтің тойы

Жас келін тәтті торттан дәм татқызбады – Жүгінісовтің тойы

Өнерлі шаңырақ ретінде танылған Жүгінісовтер отбасының мүшесі – Мұхаммедәлидің үйлену тойында қазіргі салтанатты жиындарда дәстүрге айналған тәтті торт кесілген жоқ. Жүгінісовтердің ата-анасы жастардың өмірі тәтті болсын деген ырыммен ұсынылатын тәтті торттан дәм татпады. Есесіне, олар той үстінде жас келіннің қолымен әзірленген тәтті де ыстық тоқаштан ауыз тиді. Мұхаммедәлидің анасы Айнұр Жүгінісова instagram желісіндегі парақшасына той үстінен бейнеүзінді салып, жаңашылдығымен бөлісті. «Мұхаммедәлиімнің тойында "Неге торт емес,бауырсақ алып шықтыңыздар?" деген сұрақ жиі қойылып жатыр. Нан - ас атасы, қазағымыздың ұлттық тағамдарының көшбасшысы. Қазір дәмді торт алып шығып,оның отын сөндіріп, көпшілік алдында кесіп,үлкендерге береді. Ол қазаққа жат нәрсе», - деп жазды ол. Сонымен қатар, отты сөндіру расында қазақта "шаңырағыңның оты сөнбесін" деген ырымға қайшы келетінін айтқан.  

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Айнур Жугунусова (@ainur_zhugunussova)

«Дәстүрді дәріптеп жүрген адам ретінде, торт шырағын сөндіру, кесу деген заттар маған ерсі көрініп, мені қынжылтатын. Содан соң, Мұхаммедәлидің үйлену тойында біршама толғаныста жүріп, келіп тоқтаған ерекшелігіміз осындай болды», - деп жазды әншінің анасы. Бейне жазбадан байқалғандай, келін тойдың ортасында көптің алдына қазан-ошақ алып шығып, майдың иісін шығарып, тоқаштан үйдің үлкендеріне және жолдасына ұсынады. Оның мәні: құрып жатқан шаңырақта дастархан майлы әрі жайлы, қонақ үзілмесін, тату өмір сүрсін деген ниетпен болды. «Қазағымыздың ұлттық бас тағамын алып, сол кесілетін торттың орнына тойдағы басты ерекшелік ретінде қалыптастырғымыз келеді. Өзіміздің ұлттық құндылығымызды күнделікті үрдіске айналдырып, дәстүрімізді жаңғыртуға бірге ат салысайық! Барлығыңызда той болсын!» - дейді Айнұр ханым.