Сайлауалды уәделердің орындалуын пысықтады
Сайлауалды уәделердің орындалуын пысықтады
244
оқылды
«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәсли­хатында депутаттық фрак­ция­ның отырысы өтті. Оған Сайлауалды бағдарла­маны іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау тобының жетекшісі Нұрғали Қордабай қа­тысып, республикалық және об­лыстық Жол карталарының 2021 жылғы орындалуы мен биыл­­ғы І тоқсандағы атқарылған жұ­мыс­тар жөнінде баяндама жа­сады. Жобалау тобы жетекшісінің айтуынша, былтыр Жол карта­сы­ның іс-шараларын жүзеге асыруға барлығы 105,5 млрд теңге бөлін­ген. Оның 31,7 млрд теңгесі об­лыс­­­­­тық бюжеттен, 73,8 млрд тең­­­­гесі республикалық бюд­жет­тен. Ал биылғы Жол картасының іс-шараларын орындау мақ­са­тын­да 109,1 млрд теңге қаржы қа­рас­ты­рылған. Оның 27,4 млрд тең­гесі облыстық бюджеттен бө­лін­се, қал­ған 81,9 млрд теңгесі респуб­­ликалық бюджеттен бел­гілен­ген. 2022 жылы Жол картасының тармақтары аясында өңірде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау объектілерін жаңарту және жөндеу жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ Қызыл­орда облысының ауылдық жер­лерін жаңғырту мақсатында 25 елді мекенінде 32 инвестициялық жоба іске асырылатын болды. Жалпы, облыс бойынша Сай­лауалды бағдарламаның 2021 жыл­­ға арналған жоспарының орын­­далу нәтижесі жаман емес. Мә­селен, пар­тияның облыстық, қала­лық және 7 аудандық Жол кар­­та­ларын­да өткен жылға 717 іс-шара жос­пар­­­ланса, олардың 96,0 пайызы орын­далған. Бұл ту­ралы саяси ұйым­ның облыстық фи­лиалының ат­қарушы хатшысы, облыстық мәс­лихаттағы депутат­тық фракция жетекшісі Ләйлә Төре­шова атап өтті. Сондай-ақ күн тәрті­біне сәй­кес депутаттар рейтингі туралы мәселе де қаралды. Фрак­ция мү­шелері әрбір бағыт бойын­ша тол­ғандырған сауалын қойып, ұсы­нысымен бөлісті.