28,5 миллион кибершабуылға тойтарыс берді
28,5 миллион кибершабуылға тойтарыс берді
379
оқылды
Былтыр меморган сайттарына 1,4 млн рет кибершабуыл жасалған. Оның ішінде 15 мыңнан астам шабуыл eGov.kz ақпарат жүйесіне қатысты. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қорғау үшін интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі пайдаланылған. Аталған шлюз – трафикті әртүрлі шабуылдардан тазартатын және олардың интернет ресурсқа әсер етуіне жол бермейтін ерекше фильтр. Бүгінде 200-ден астам меморган сайты әлгі шлюз қор­ғауымен қамтамасыз етілген. Өткен жылы интернетке қол жет­кізудің бірыңғай шлюзін пайда­лана отырып, шамамен 82,3 млн шабуыл бұғатталды, оның 1,4 млн-нан астамы меморган сайт­тарына бағытталған. Соның ішін­де 15 мыңнан астамы – eGov.kz-ке жасалған шабуылдар. Сонымен қатар электронды үкіметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты не­гізде мониторинг жүргізіледі. Осылайша, былтыр 37 ақпарат­тандыру объектісінен 4 326 ақау табылған. Бұдан басқа, 2021 жылы жаһандық интернет желісінде DDoS-шабуылдар санының ар­туы салдарынан Қазнетте маңызы әртүрлі 120 мыңға жуық DDoS-шабуыл тіркелді. Қашықтан оқы­ту кезеңінде білім порталдарына 29 шабуыл жасалған. Биыл той­тарыс берілген кибершабуыл са­ны 28,5 млн асты.