«Қазір пәк қыздарды іздейтін жігіттер көп» – тележүргізуші күйеуге шығудың үш жолын айтты
«Қазір пәк қыздарды іздейтін жігіттер көп» – тележүргізуші күйеуге шығудың үш жолын айтты
604
оқылды
Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай TikTok-тағы парақшасында қыз-келіншектерге күйеуге шығудың үш тәсілін айтты. Оның сөзіне қарағанда, көптеген қыз-келіншектер тезірек тұрмысқа шығуды армандайды. Әрі мұны өмірдегі миссиясының ең шыңы деп санайды. Ендеше оған жету түк те емес. «Байға тию үшін көп ақыл қажет емес. Менің әр видеомның астында ақыл жетіп артылады. Біріншіден, он еркекпен жатасыз. Біреуінен екіқабат болып, кейін айқай-шумен анализ тапсырып, баланың әкесі екенін дәлелдейсіз. Сөйтіп күйеуге тиесіз. Екіншіден, бүкіл тесіктеріңізді тігесіз де, пәк болып, аққу болып байға тиесіз. Қазір пәк қыздарды іздейтін жігіттер көп. "Мен пәкпін" десеңіз болды, алып кетеді», - дейді жүргізуші. Тележүргізуші дәл осылай күйеуге шығып кеткен қыздардың көп екенін айтты. Оған өзі кепілдік береді. «Үшіншіден, өзіңізді жұмсақ мінезді адам ретінде таныстырасыз. Боқтаса да, ұрса да, туыстарымен бір бөлмелі үйде тұрамыз десе де, көніңіз. Мінезді жан болсаңыз да өзіңізді момын, тілалғыш адам сияқты көрсетіңіз», - дейді жүргізуші сөзін қорытындылап.
@diana_kyrykbay♬ оригинальный звук - Диана Кырыкбай
Бейнежазбаға байланысты пікір қалдырған көрермендер де көп. Олардың бірі: «Жалмауыз ғой мынау, бәрін көріп тастаған, тәрбие жоқ!» деп сөксе, енді бірі: «Ой, байға тием десең алам деп тұрған еркек көп қой. Байға тием десем, 6 секунд жетеді. Одан да өзіммен өзім жүрген артық», дейді. «Жасым 24-ке келеді, бұйыртса, мүлде күйеуге шыққым келмейді. Ата-ене, оның туыстары, балалы боласың, оның жағдайын жасау керексің, өз басымды әзер алып жүргенде...» дегендер де бар. «Мынадан кеиін үйленуге қорқатын болдық қой», деп күледі жігіттердің бірі.