СҚО-да сүт 20% қымбаттап, литрі 400 теңге болды
СҚО-да сүт 20% қымбаттап, литрі 400 теңге болды
Сурет: fishki.net
795
оқылды
Солтсүтік Қазақстан облысында кәсіпкерлер сүттің бағасын 20 пайызға көтеріп, оған қоса сүт қаптамасының көлемін 100 миллилитрге азайтқан. 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, бұған сүт өнімдерін әзірлеуге қажет шикізаттар бағасының шарықтауы себеп болған. Петропавл қаласындағы тәулігіне 125 тонна сүт шығаратын сүт зауыты сүт құятын қаптамаларды Ресей мен Еуропа елдерінен сатып алады. Геосаяси жағдайға байланысты қаптамалар құны 76 пайызға қымбаттаған.
"Сүттің қаптамасын жасайтын бөлшектер Ресейден алынады. Олардың бағасын 76 пайызға қымбаттатып жіберді. Арнайы банкалардың өзін де Омбыдан сатып аламыз. Олардың құны 30 пайызға көтерілді. Ашытқы 36 пайызға өскен. Бәрін санай келсе біз сүттің өзіндік құнын да шығара алмайтын болған соң, осындай қадамға бардық", – дейді сүт зауытының директоры Виктор Сухарев.
Сүт өндірісінде шикізат ретінде алынатын сүттен басқасының бәрі шетелден тапсырыспен алынатыны, яғни импортқа тәуелділік сүт бағасын реттеуге мүмкіндік бермей отыр.
"Зауытқа қажет қондырғылардың барлығы, бөлшектері шетелден жеткізіледі. Нақты Ресей мен Еуропа елдерінен. Сондықтан әлемдегі қазіргі күрделі жағдай сол өнімдердің бағасына әсер етіп отыр", – дейді СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.