Алматы - Талдықорған тасжолында жас футболшылар отырған автобус өртенді
Алматы - Талдықорған тасжолында жас футболшылар отырған автобус өртенді
344
оқылды

Оқиға Талдықорғаннан 50 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылының маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған автобус сиырмен соқтығысқан. Нәтижесінде көлік өртенген. Барлық жолаушы көліктен түсіп үлгерген.  Тосын оқиғаға себеп болған жануардың иесі кім екені белгісіз. Жас футболшылармен бірге неге құқық қорғау органдарының қызметкерлері бармағаны да беймәлім. Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.