Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың туысы: Іші, бүйрегі, қолы көгерген
Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың туысы: Іші, бүйрегі, қолы көгерген
Сурет: 24.kz
565
оқылды
Жамбыл облысы Гвардейский елді мекеніндегі госпитальда қайтыс болған ақтаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі ұшақпен туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Марқұмның жақындары Маңғыстаудағы Ақшұқыр ауылында тұрады. Олардың айтуынша, 18 жастағы жауынгер Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлімге 18 сәуірде барған. 4 күннен соң суыт хабар келеді. Қорғаныс министрлігі таратқан ресми ақпарда ол таңғы сапқа тұру кезінде есінен танып құлаған. Туыстары оның өліміне кінәлілер бар деп, олардың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Қайғылы оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.
«12-сі күні мәжбүрлі түрде армияға барсын деп баланы алып кетеді. Сотталасың, болмаса 3 миллион штраф төлейсің дейді. Кешкі 3-4 арасында мамасына соғады 4 мың теңге берші, асқазаныма дәріге ақша алдыртуым керек деп. Баланың көретін жері жоқ. Іші, бүйрегі, қолдары көгерген. Басы көгерген», - деді Ә. Қалбайдың туысы Динара Тілесова.
«22 сәуірде рота таңғы астан келгенде казарма алдында тұрған. Сол кезде Әлібек ең соңғы қатарда тұрған. Басы айналып, құлап түсті артқа қарай. Бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, бірден медсанбатқа алып кеттік. Басының неден айналғанын білмеймін мен, күніне 2-3 солдат басы айналады да құлайды», - дейді ҚР ҚК №30212 әскери бөлімінің командирі Алмас Доспаев.