ҚСЗИ Орталық Азияның жетекші «аналитикалық орталықтарының» рейтингісін басқарды
ҚСЗИ Орталық Азияның жетекші «аналитикалық орталықтарының» рейтингісін басқарды
©kisi.kz
1,122
оқылды
2020 жылдың 31 қаңтарында Пенсильвания Университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» атты аналитикалық орталықтардың әлемдік беделді рейтингісі саналатын дүниежүзіндегі зерттеу және талдау орталықтарының жыл сайынғы рейтингісі жарияланды. https://repository.upenn.edu/cgi/viewcontent.cgi?article=1018&context=think_tanks Рейтинг профессор Джеймс МакГанның жетекшілігімен «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі және «аналитикалық орталықтардың» ең беделді әлемдік рейтингі болып саналады. Рейтинг бағаланатын орталықтарға, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңнан астам маманға, саясаткерлерге және журналистерге сауалнама жүргізу нәтижелерінің негізінде қалыптастырылады. Қорытынды кезеңде рейтингті шығаруға беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірлері негізінде түпкілікті саралау жүргізіледі. Рейтингті қалыптастыру үшін ғылыми және талдау жұмысының сапасы мен беделі, функционалдық және ұйымдастырушылық бағыты, орталықтың «танымалдығы», өткізілетін конференциялар, брифингтер және ресми кездесулер, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін бірқатар номинациялар негізінде «аналитикалық орталықтары» құрылымдайтын 30-дан астам түрлі критерийлер пайдаланылады. Пенсильван университеті әлемнің 8248 «аналитикалық орталықтарының» 2019 жылғы қызметіне талдау жасады. Айта кетсек, 2016-2019 жылдары рейтингке қатысатын талдау орталықтарының саны 1402-ге дейін өсті, оның 86-ы 2019 жылы қосылды. Үш жыл қатарынан ҚСЗИ талдау орталықтарының жаһандық топ-рейтингісіне кіретін қазақстандық жалғыз «аналитикалық орталығы» болды. Былтырғы  жылдағыдай, жаһандық рейтингке қатысқан 31 талдамалық құрылымды Қазақстан ұсынды. Кесте 1. Елдер бойынша аналитикалық орталықтар саны (2019)  width= 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Орталық Азияның ең үздік аналитикалық орталығы болып танылды.  width= Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталығы» номинациясына Қазақстаннан талдау орталықтарының ең көп саны ұсынылды: әрбір 5 Орталық – Қазақстандық (63-тен 13-і). Кесте 2. Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталықтар  width= 2019 жылы айтарлықтай серпіліс ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (ЭЗИ) жасады, «Үздік үкіметтік талдау орталықтары» арасында 21 орын, «Үздік конференция» номинациясында 19 орын және «Медианы үздік пайдалану» номинациясында 47 орын алды. Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесі «2019 жылғы Орталық Азияның ең маңызды 10 оқиғасы» атты жыл сайынғы талдамалық шолуы «Саяси зерттеулер саласындағы үздік баяндама» санатындағы үздік сараптамалық жұмыстардың бірі болып танылды. Жалпы алғанда, Пенсильвания университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» рейтингте Қазақстандық аналитикалық орталықтардың саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн.