Алматы облысы Жамбыл ауданында ит қапқан бала ауруханада жатыр.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған.
Ақсеңгір ауылының Атажұрт көшесі 29-үйде бос жүрген ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны қауып алған. Жедел жәрдем баланы Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізді. Бала ақылы бөлімде ем алып жатыр. Баланы қауып алған ит 23 сәуірде ұсталды.
Ұзынағаш ауылының ветеринарлық станциясына қамалды.