Елордадағы өрт жиналып тұрған құрылыс материалынан шыққан
Елордадағы өрт жиналып тұрған құрылыс материалынан шыққан
405
оқылды
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Тельман тұрғын алабы маңында өрт болып жатқанын хабарлаған бейнежазба тараған болатын. Аймақтағы төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, онда жиналып тұрған құрылыс материалы өртенген.  «Бүгін сағат 15-19-да Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері түтін шыққан Ақкемер көшесі 31/1 мекенжайына барды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткеннен кейін құрылыс нысаны аумағындағы ашық алаңқайда жиналып тұрған құрылыс материалдарының (пеноплекс) жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы шамамен 40-50 шаршы метрді құрайды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қызыл жалынды сағат 15-34-те сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп атап өтті аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.