Әр азамат өзінің Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлесін қоса алады
Әр азамат өзінің Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлесін қоса алады
Сурет: platon.asia
434
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» ұсыныстарды барлық халықтық референдумға шығаруды ұсынды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер біраз уақыттан бері біздің қоғамда пікірталастар тудырып жатқаны жалпыға аян.  Бұл қазіргі қоғамдағы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең өзекті тақырыптардың бірі десек те болады. Осы уақытқа дейін талқылау мен тартысу бар да, нақты шешімді қадам жоқ еді. Президент халқымыз үшін тағдыршешті мәселені саяси күштердің, мүдделі топтардың тартысына салмай, жалпыхалықтық референдум арқылы шешуді ұсынып отыр. Бұл заңдық, саяси теңдік, тіпті ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда ең дұрыс, әрі әділ шешім деп ойлаймын. Расында да «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын «сөз бұйдаға» айналдырмау керек. Еліміздің әрбір азаматы бұл тұжырымдаманың негізгі философиясын ұғына білуі, сезіне білуі тиіс. Бұл үшін билік тарапынан ғана емес, қоғамдық күштер мен азаматтық институттар тарапынан да нақты қадамдар жасалуы тиіс. Егер Президенттің ұсынысы қабылданып, жалпыұлттық референдум жарияланатын болса, мен өз басым Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің әрбір азаматын сол Референдумға қатысуға шақырар едім. Референдумға қатысып, дауыс беру арқылы әр азамат өзінің Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлесін қоса алады деп білемін. Әли БЕКТАЕВ "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы