Ақтауда полицейлер жол апатына ұшырады
Ақтауда полицейлер жол апатына ұшырады
413
оқылды
Ақтауда патрульдік көлік жүргізушісі жол апатына ұшырады. Бір адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5, 6, 7 және 8-ші шағынаудандардың қиылысында патрульдік автомобиль мен Hyundai Accent маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от На дорогах Актау (@na_dorogah_aktau)

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды.  />

<img src=