Шетелге барып келсеңіз, қандай сынамалар тапсыру керек?
Шетелге барып келсеңіз, қандай сынамалар тапсыру керек?
437
оқылды
Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова №21 қаулысында мәлімдеген. Құжатқа сәйкес, шетел асып, ел шекарасын аттаған әрбір азаматқа жүктелетін жауапкершілік бар. Яғни, ол ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруден өтуге міндеттеледі. «Сонымен қатар қаулының 3-қосымшасына сәйкес, шетелден келген әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша 72 сағаттың ішінде коронавирус инфекциясына қарсы зертханалық тексеруден өтуге міндетті. Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп немесе ауру белгілері байқалған жағдайда шетелден келгені туралы хабардар ете отырып, COVID-19 Call-орталығына дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыруы қажет», - делінген құжатта. Айта кетерлігі, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құзыреті шегінде қойған заңды талаптары мен қаулыларын орындау шарт. Қаулыда билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі ескертілген.