Кеспенің орнына арақ алып өтпек болған
Кеспенің орнына арақ алып өтпек болған
307
оқылды
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бірлесіп жүргізген іс-шара барысында «Айша-бибі» шекара бекетінде екі автокөлік тексерілді. Қырғыз Республикасының азаматтарына тиесілі көліктерді тексеру барысында  «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімінің 25 920 бөтелкедегі арақты біздің елдің аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданған. Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құрады. Бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша ЭТД алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.