Путиннің 9 мамырға жоспарланған Украинаға қатысты жоспары белгілі болды - CNN
Путиннің 9 мамырға жоспарланған Украинаға қатысты жоспары белгілі болды - CNN
© focus.ua
367
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда арнайы әскери операцияның орнына Украинаға ресми түрде соғыс жариялауы мүмкін.  Бұл Ресейді жаппай жұмылдырып, Украинада жоғалтқан әскерінің орнына қордағы күшін тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы  CNN телеарнасы АҚШ және Батыс шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлады.  Телеарна хабарлағандай, батыстың ресми тұлғалары Путин Жеңіс күнін пайдаланып, Украинадағы соғыс жетістіктерін жариялайды немесе әскери іс-қимылды күшейтеді деп болжаған.
9 мамырда ресми түрде соғыс жариялау Ресей азаматтарын жігерлендіріп, басып кіруге қатысты қоғамдық пікірді күшейтуі мүмкін, - деп жазады CNN.
АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Нед Прайстың айтуынша, ресейліктер 9 мамырды "үгіт-насихат мақсатында пайдаланады" деп болжауға үлкен негіз бар. Прайстың пайымынша,  Мәскеу бұндай қадамға армиясын қайта жасақтау үшін барады.