Халық болашағын айқындайды
Халық болашағын айқындайды
354
оқылды
Қазақстанда референдум өткізу­мен тікелей Орталық сайлау ко­мис­сия­сы айналыспайды, өйткені бұл нау­­­қанның сайлаудан ерек­шелігі бар. Осы мақсатта Орталық рефе­рен­­дум комиссиясы құрыл­ды. Кеше атал­ған комиссия 2022 жылғы 5 мау­сым­ға та­ғайын­далған республикалық ре­ферендумды ұйымдастыру мен өт­­кізу мәселелері жөніндегі бірінші оты­рысына жиналды. Жиында ал­­да­ғы бүкілқазақстандық сауалнамаға қа­­тысты маңызды қаулы­лар қабыл­дан­ды. Егер сайлау – Президентті, әкімдерді жә­не халық атынан сөйлейтін мемлекеттің өкіл­ді органдарының депутаттарын таңдауға ба­ғытталса, референдум – мемлекет пен қо­ғам өмірінің ең маңызды мәселелерін ше­­­шудің тетігі саналады. Құқық магистрі, про­фессор Маржан Құдайбергеннің ай­туын­­ша, қазір «референдум – тікелей де­мок­ратияның ең көп таралған институты» жә­не уақыт өткен сайын оның қолданыс ая­сы кеңеюде. Тәуелсіз Қазақстанның тари­хын­да ол тек 2 рет (екеуі де 1995 жылы) өт­кі­зіліпті. Демек, Президент Қ.Тоқаевтың осы институтты қайта жандандыруы – би­лік­­тің халық үніне құлақ асуға және елдің ық­­­тиярымен шын санасуға ден қойғанын білдіреді. Айтқандай, плебисцитті ұйымдастыруға жауапты Орталық референдум комис­сия­сына ОСК мүшелері кіріп отыр. Алғашқы жиын­да комиссия басшысы Нұрлан Әбдіров те референдумды – «тікелей демократияның маңыз­ды институты» деп атады: оның бай­ла­­мынша, осы арқылы халық тікелей заң шы­ғарады. Яғни, депутаттар сияқты нақты заңнамалық құжатты жақтап не қарсы дауыс береді. «Бұл мемлекет пен әрбір азамат үшін маңыз­ды шешімдерді қабылдауға бүкіл жұрт­шылықтың қатысуының бір тәсілі. Ата Заң­ға енгізілетін түзетулер еліміз үшін аса құн­ды. Өзгерістер Конституция баптарының үш­тен біріне қатысты болмақ. Яғни, Конс­титуциямыз жаңа мәртебеге ие болады. «2022 жылғы 6 мамырда БАҚ-та жарияланған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңының жоба­сын­да баяндалған Қазақстан Консти­туция­сына өзгерістер мен толықтыруларды қа­был­дайсыз ба?» деген сауал бойынша бү­кіл­халықтық дауыс беру – азаматтардың мем­ле­кет ісін басқаруға тікелей қатысуын және сая­си шешімдерді қабылдау процестерінің ашық­тығын қамтамасыз етеді», – деді Н.Әбдіров. Орталық референдум комиссиясы (ОРК) төрағасының орынбасары Констан­тин Петровтың айтуынша, референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жыл­ғы 2 қарашада қабылданған «Республи­ка­лық референдум туралы» конституциялық заңы айқындайды. Яғни, толыққанды заң­на­малық база бар. Осы заңның 20-бабында ре­ферендумның орталық комиссиясының функцияларын Ортсайлауком орындайтыны айтылған. Бұл жұмысқа сондай-ақ аумақтық сайлаукомдар жұмылдырылады, оларға ре­ферендумның аумақтық комиссия­лары­ның функциялары жүктеледі. Ал учаскелік ко­мис­сия функцияларын учаскелік сайлау­ком­дар жүзеге асырады. Тиісінше, референдум комиссиялары сай­лау комиссияларының мөрлерін, интер­нет-ресурстарын пайдаланады. Жиында референдумды әзірлеудің әрбір ке­зеңі бекітілетін «Республикалық рефе­рен­дум­ды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары» бе­кітілді. Сонымен, күнтізбелік жоспарға сәй­­кес, алдымен аумақтық және учаскелік ко­­­­миссиялардың құрамы, орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер ақ­парат құралдарында 15 мамырдан кешік­тіріл­мей жариялануы тиіс. Бұл ретте дауыс беру учаскелерінің шекаралары, яғни қан­дай көшедегі тұрғындар қандай учаскеге жа­та­тыны туралы хабар да 15 мамырдан ке­шік­тірілмей жариялануы міндет. К.Петровтың түсіндіруінше, референ­дум­ды қазірден насихаттай беруге болады екен, себебі үгіт референдум тағайындал­ған­нан бастау алып, дауыс берілерден бір күн бұрын, яғни 4 маусымда, сағат 00:00-де аяқ­талуы шарт. Ал референдумның алдын­да­ғы күнде және референдум өткізілетін күні үгіттеу жүргізуге тыйым салынады. Сонымен бірге референдумға қатысу құ­қығы бар азаматтардың тізімдеріне әрбір учаске бойынша жергілікті әкім қол қояды жә­не 15 мамырдан кешіктірiлмей акт негі­зін­­де табыс етеді. Учаскелік рефкомдар дауыс беру уақыты мен орны туралы азамат­тар­ды 25 мамырдан кешіктірмей құлағдар ете­ді. Ақыр соңында учаскелік комиссиялар жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруді ұйымдастырады. Референдум қорытындылары Орталық ре­ферендум комиссиясының отырысында шы­ғарылады, хаттамамен ресімделеді. Оған ко­миссия төрағасы мен орынбасары, хат­шы­сы мен мүшелері қол қояды және қаулы­мен бекітіледі. Орталық референдум комиссиясының хат­шысы Мұхтар Ерман референдумға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатыса алатынын мәлімдеді. Жариялауға ниет білдірсе, шетелдік ақпарат құрал­дарының өкілдеріне де есік ашық. Қа­был­данған қаулыға сәйкес, шетелдік бай­қау­шылар өтініш білдіріп, ОРК төрағасы мен Сыртқы істер министрінің шақыруын алуы керек. «Бұл ретте СІМ жанынан Халықаралық бақылау мәселелері жөніндегі штаб ашылды. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дардың аккредиттелген байқаушыларына орталық комиссия белгілеген үлгідегі аккре­дит­теу куәлігі беріледі. Бұл олардың рефе­рен­дум өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз бо­­лады. Жалпы, ОРК қаулысы шет­елдік бай­­қаушылардың өзімен бірге ау­дар­ма­шысын алып жүру мүмкіндігін қарас­тыра­ды», – деді М.Ерман. Байқаушыларды аккредиттеу дауыс беру кү­ніне 5 күн қалғанда, яғни 30 мамырда, са­ғат 18.00-де аяқталады. ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров ре­фе­рен­дум­ды ұйымдастыру мен өткізу кезеңдері конс­титуциялық заңға сәйкес, ашық және жа­рия түрде жүзеге асырылатынына уәде етті. Ол «Республикалық референдум тура­лы» конституциялық заң аясында қазақ­стан­дықтарға, қоғамдық бірлестіктерге ре­ферендумға шығарылған мәселе бойынша жи­налыста, митингте, халық жиындарында, ақпарат құралдарында өз пікірін білдіру құқығына кепілдік берілетінін қадап айтты. Со­нымен бірге Нұрлан Әбдіров азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді үгіт-насихат іс-шараларын заңнама аясында өткізуге ша­қырды. Қалай болғанда да, референдум нәти­жесі ха­лық шешімі болмақ. Сонысымен де ол ел тари­хында лайықты орын алары даусыз. Ха­лықтың таңдауы ең жоғарғы заң­дық күш­ке ие болады: ел қолдаса, Қазақ­стан­ның жаңар­ған Ата Заңы өмірге жолда­ма алады.